Әр сессия алдында залдың есігі жабылып, үзілісте ғана ашылады.
Егер сессияға кешіксеңіз, волонтерлердің нұсқауы бойынша спикерлер арасындағы үзіліс кезінде ғана залға кіре аласыз. Бұл түсірілім процесіне кедергі келтірмеу үшін жасалатын шара.
Залда
Қалаған орынға отыруға болады, тек біздің бір өтінішіміз бар: спикерлер көрерменнің қолдауы мен назарын сезінуі үшін сахнаға жақын орындарды таңдауыңызды сұраймыз.
Ілеспе аудармаға арналған гарнитура
Ілеспе аудармаға арналған құлаққапты алу үшін жеке куәлігіңізді қалдыруыңыз керек.
Сессиялар кезіндегі фото және видео түсірілім
Конференция кезінде көп камералы түсірілім жүргізілетіндіктен, сіздерден ешқандай фото немесе видео құрылғыларды қолданбауды сұраймыз.
Біріншіден, бұл спикерлерді қатты алаңдатады. Оларға ең керегі – сіздің назарыңыз бен қолдауыңыз.
Екіншіден, бұл түсірілім процесіне визуалды кедергі келтіреді.
Үшіншіден, TEDx тәртібі бойынша фото-видео түсіруге тыйым салынған. Барлық видео онлайн жарияланатын болады, ал фотографтар түсірген суреттер конференциядан кейін біздің Facebook парақшамызға жүктеледі.
Осы ретте тағы бір ескеретін жайт: конференцияға қатысу арқылы өзіңіз түскен суреттерді Creative Commons лицензиясына сәйкес интернетте таратуға келісім берген боласыз.
Үзілістер кезінде
Тамақтану
Сіздер үшін тамақ пен сусын қарастырылған. Сонымен қатар қатысушыларға арналған сөмкелердің ішінде эко-бөтелке болады, ал іс-шара өтетін жерде су диспенсерлері орнатылады.
Eurasian Machinery-ден «Қуаттандыру станциясы»
Бұл аймақта сіздер телефондарыңызды қуаттап, жайлы пуфтарға отырып демала аласыз және жаңа піскен алмалардан дәм тата аласыз.
«Свежий» сахнасы және баскетбол алаңы
Өткен жылы Efes Art Space «Машаның хаттары» көрмесін ұсынып, театрлық қойылымды қолдаған болатын. Ал биыл олар бізге музыкалық сый жасайды – «Свежий» сахнасы аймағында астаналық qoñyr äwen музыкалық тобының шығармашылығынан ләззат ала аласыз. Оған жақын маңда ашық ауада баскетбол алаңы орналасады – сессиялар арасындағы үзілісте сергіп алуға мүмкіндік болады.
Фотограф Оспан Әлидің AqJaima интерактивті инсталляциясы
Белгілі қазақстандық фотограф Оспан Әли таңдаудың маңызы мен оның мұраға әсері туралы ойлануды ұсынады. Инсталляция автордың мазмұндық түсіндірмелерімен сүйемелденеді.
Inu Foundation
Inu Foundation қайырымдылық қорының аймағында сіз үйсіз жануарларға қалай көмектесуге болатынын біліп, қаласаңыз өз үлесіңізді қоса аласыз.
«Тілек ағашы»
Бұл интерактив қазақтың жыртыс байлау дәстүріне негізделген. Жыртыс – тілек пен ізгі ниеттің белгісі. Сіз де өзіңіздің матадан қиындыңызды ағашқа байлап, жүрек түкпіріндегі арман-тілегіңізді айта аласыз.