TEDxAstana Salon
KÖŞ
Мы открываем серию мероприятий под лицензией TEDxAstana Salon с рефлексии на крупное мировое событие – электоральный суперцикл 2024 года.
В уходящем году выборы пройдут в 70 странах мира. Половина населения Земли будет вовлечена в электоральные процессы, включая восемь из десяти самых густонаселенных стран мира во главе с Индией. По оценкам, около 2 млрд человек или почти половина взрослого населения планеты придут к избирательным участкам, чтобы сделать свой выбор и, возможно, изменить этот мир на долгие годы вперед…
Мы хотим посвятить первый TEDxAstana Salon изучению этого события и привлекаем к дискуссии ученых, исследователей, практиков из нашего сообщества.
Эксперты по всему миру предварительно вынесли свой вердикт: итогом года станет очередной этап «демократической рецессии» и «ренессанса авторитаризма».
Мы же хотим обсудить следующие вопросы:
- как изменилась карта демократизации мира?
- какие гипотезы для социальных наук подарил этот год?
- какие тренды, феномены, рожденные этим электоральным суперциклом, предстоит изучить научному сообществу в будущем?
- кризисы и ренессансы каких политических идей мы наблюдаем?
- и, главное, что все это значит для нас, казахстанцев и жителей Центральной Азии?
Темой первого салона мы выбрали KÖŞ (көш, кочевье) как метафору постоянного движения, процесса, гарантирующего множество открытий на пути.
Мы верим, что демократия – это не конечная остановка, но извилистый путь, продолжающийся при свете и во тьме и смысл его в том, чтобы продолжаться во имя лучшей жизни.
«Демократия – это не существительное, а глагол. Она работает, когда работаем мы», – сказал спикер TED Democracy в ноябре 2023 года в Нью-Йорке.
«Демократия – это путь, и каким он будет, мы решаем каждый день своей жизни», – отвечаем мы как команда TEDxAstana в 2024 году и приглашаем нашу любимую аудиторию в совместное путешествие по идеям, меняющим мир.
Отправная точка – 23 ноября 2024 года, город Астана.
___
Біз TEDxAstana Salon лицензиясы бойынша іс-шаралар сериясын әлемдегі ауқымды оқиға — 2024 жылғы сайлау суперциклі жайлы рефлексиядан бастамақпыз.
Биыл әлемнің 70 елінде сайлау өтпек. Сайлау процесіне Жер халқының жартысы қатысады, бұл қатарда Үндістан бастаған әлемдегі халық саны ең көп он елдің сегізі де бар. Сарапшылар берген бағаға сенсек, 2 млрд-қа жуық адам немесе планетаның ересек халқының жартысына жуығы сайлау учаскелеріне барып, таңдауын жасап, әлемдегі ұзаққа созылатын өзгерістерге бастама беруі мүмкін.
Біз бірінші TEDxAstana Salon-ды осы оқиғаны зерттеуге арнап, қауымдастығымыздағы ғалымдарды, зерттеушілер мен мамандарды пікірталасқа тартсақ дейміз.
Әлем сарапшылары бұл оқиғаға алдын ала бағасын беріп үлгерді: жыл нәтижесі кезекті «демократиялық рецессия» мен «авторитаризм ренессансы» кезеңі болмақ.
Ал біз мына сұрақтарды талқылағымыз келеді:
- әлемнің демократиялану картасы қалай өзгерді?
- бұл жыл әлеуметтік ғылымдар саласына қандай гипотезалар енгізді?
- ғылыми қауымдастық алдағы уақытта осы сайлау суперциклінен туындаған қандай трендтер мен құбылыстарды зерттемек?
- қандай саяси идеялардың кризисі мен ренессансын байқап отырмыз?
- және ең бастысы, бұл бізге — қазақстандықтар мен Орталық Азия тұрғындары үшін қандай маңызға ие?
Бірінші салонның тақырыбы деп біз сансыз жаңалық ашуға себеп болатын процесс пен үздіксіз қозғалыстың метафорасы — KÖŞ (көш) ұғымын таңдадық.
Біз демократия соңғы аялдама емес, жақсы өмір үшін жарық күн мен жеті қат қараңғыда да тоқтамайтын ирелең жол деп сенеміз.
2023 жылы қарашада Нью-Йоркте өткен TED Democracy спикері «Демократия — зат есім емес, етістік. Ол біз әрекет етсек қана жұмыс істейді», – деген болатын.
«Демократия — жол, оның қандай болары өміріміздің әр күні қабылдайтын шешімдерге байланысты», – дейміз біз — TEDxAstana командасы. Осы арқылы сүйікті аудиториямызды идеялар арқылы әлемді өзгертер саяхатқа шақырамыз.
Бірінші іс-шара 2024 жылы 23 қараша Астана қаласында өтеді.