TEDxAstana Salon
KZ
RU
Salon форматы жайлы қысқа ақпарат
Мұндай форматтағы іс-шараның басты міндеттерінің бірі — үлкен конференциялар арасында TEDx қауымдастығымен байланысты үзбеу.

Сонымен қатар бұл формат экспериментке толы: сіздер әдеттегі TEDx talks-тан бөлек, пікірталаста ой бөлісіп, деректі видео эссе тамашалап, көрменің ашылуына қатыса аласыздар.

Форматтың тағы бір айырмашылығы – TEDx Salon аясында біз белгілі бір сұрақты, мәселені не болмаса тақырыпты негізге алып, оны жан жақты талқылаймыз.
Ал салон форматындағы бірінші іс-шарада біз 2024 жылғы сайлау суперцикліне қатысты ой-талқы жүргізіп, мына сұрақтарға жауап іздемекпіз:
- әлемнің демократиялану картасы қалай өзгерді?
- бұл жыл әлеуметтік ғылымдар саласына қандай гипотезалар енгізді?
- ғылыми қауымдастық алдағы уақытта осы сайлау суперциклінен туындаған қандай трендтер мен құбылыстарды зерттемек?
- қандай саяси идеялардың кризисі мен ренессансын байқап отырмыз?
- ал ең бастысы, бұл бізге — қазақстандықтар мен Орталық Азия тұрғындары үшін қандай маңызға ие?

Бірінші салонның тақырыбы деп біз сансыз жаңалық ашуға себеп болатын процесс пен үздіксіз қозғалыстың метафорасы саналатын KÖŞ (көш) ұғымын таңдадық.
Біздіңше, демократия соңғы аялдама емес, көш сияқты ол да жарық күнде де, қара түнекте де тоқтамайды.
Бағдарлама
12:00-13:00
12:00-13:00
тіркеу
13:00-14:30
13:00-14:30
бірінші сессия
14:30-15:00
14:30-15:00
үзіліс
15:00-17:00
15:00-17:00
екінші сессия
19:00-20:00
19:00-20:00
көрменің ашылуы (Talan Gallery, мекенжайы: Достық 16, 1-қабат https://2gis.kz/astana/geo/70000001039996949)
Уақыт кестесінде кішігірім өзгерістер болуы мүмкін.
Әр сессия алдында залдың есігі жабылып, үзілісте ғана ашылады.

Егер сессияға кешіксеңіз, волонтерлердің нұсқауы бойынша спикерлер арасындағы үзіліс кезінде ғана залға кіре аласыз. Бұл түсірілім процесіне кедергі келтірмеу үшін жасалатын шара.
“Қала ішіндегі дала” көрмесі

19:00-де TEDxAstana Salon аясында Urbanitarium білім беру бастамасымен бірлесе ұйымдастырылған көрме өтеді. Pygmalion галереясымен серіктестік аясында өтетін көрме жұмыстары Talan Gallery кеңістігінде ұсынылмақ.

Елдегі қарқынды урбанизация табиғи көріністерге деген аңсарымызд ұлғайта түскендей. Табиғи объектілерді, олардың бірегей экожүйелерін сақтауға бағытталған қозғалыстардың ерекше маңызға ие бола түсуі де содан болса керек. Астананың далалы табиғаты — көлдері, жыл құстары, қамысы, күннің ғажайып батуы, бәрі-бәрі қаланың ультразаманауи сәулеті мен тарихи ескерткіштері сияқты маңызға ие. Дәл сол себепті біз осы тақырыпты көрермен назарына ұсынып отырмыз.

Көрме кураторы Оля Веселова TEDxAstana Salon қатысушыларына арнап арнайы экскурсия өткізеді.

Сонымен қатар мына ақпаратпен танысуды сұраймыз:

Залда
Қалаған орынға отыруға болады, әр сессияда түрлі орынды таңдай аласыз.

Үзіліс
Үзіліс кезінде интерактивтер болмайды, алайда біз тамақ пен сусын дайындап қоямыз. Үзілісте ауқаттанып, басқа қатысушылармен емен-жарқын сөйлесе аласыз.

Ілеспе аудармаға арналған гарнитура
Ілеспе аудармаға арналған құлаққапты алу үшін жеке куәлігіңізді қалдыруыңыз керек.
Тіркеу кезінде гарнитура қажет екенін көрсетпеген болсаңыз, еш уайымдамаңыз: бізде қосымша гарнитуралар болады.

Сессиялар кезіндегі фото және видео түсірілім
Конференция кезінде көп камералы түсірілім жүргізілетіндіктен, сіздерден ешқандай фото немесе видео құрылғыларды қолданбауды немесе камераның жарығын қоспауды өтініп сұраймыз.

Біріншіден, бұл спикерлерді алаңдатады. Оларға ең керегі – сіздің назарыңыз және қолдауыңыз.
Екіншіден, бұл түсірілім процесіне визуалды тұрғыда кедергі келтіреді.
Үшіншіден, TEDx тәртібі бойынша фото-видео түсіруге тыйым салынған. Барлық видео онлайн жарияланады, ал фотографтар түсірген суреттер конференциядан кейін біздің Facebook парақшамызға жүктеледі.
Осы ретте тағы бір ескертетін жайт: конференцияға қатысу арқылы өзіңіз түскен суреттерді Creative Commons лицензиясына сәйкес интернетте таратуға келісім берген боласыз.
Біздің серіктестер

TEDxAstana Salon-ның идеялық серіктесі — Paperlab зерттеу орталығы.
Сонымен қатар серіктестерге алғыс білдіргіміз келеді:
Әлия Тлегенова
саясаттанушы, Paperlab орталығының зерттеушісі
Оның ғылыми қызығушылықтары Қазақстан мен Орталық Азиядағы даму саясаты, наразылықтар және азаматтық қоғам мәселелерін қамтиды. Назарбаев Университетінде (Астана) саясаттану және халықаралық қатынастар бакалавр дәрежесін алған, Саяси зерттеулер институтының (Sciences Po, Париж) халықаралық даму магистрі.
Қазақстандықтардың ұжымдық жадындағы тәуелсіздік жылдары туралы зерттеу жасаған. Сонымен қатар қазақстандық қоғамдағы саяси құндылықтар және поляризация тақырыптарын зерттейді.
Әсел Битабар
оқытушы және зерттеуші
Оның зерттеу қызығушылығы Орталық Азиядағы халықаралық саясат пен ұлт құру мәселелері және Қытайдың сыртқы саясаты тақырыптарын қамтиды. Қазіргі зерттеу жобаларының бірі – Қазақстан және оның Орталық Азиядағы көршілерінің трансшекаралық ынтымақтастығы.
Әсел Еуразия ұлттық университетінде және Хоккайдо университетінде білім алған.
Шалқар Нұрсейіт
cаяси шешімдер орталығының директоры, саяси коммуникация бойынша сарапшы
Зерттеу қызығушылықтары: саяси коммуникация, пропаганда, лоббиң, АҚШ-Қазақстан қарым-қатынасы, Қазақстан мен Орта Азиядағы саяси режимдер.
Шалқар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетін тәмамдаған. George Washington University-дің медиа және стратегиялық коммуникация бойынша магистрі, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі.
Серік Бейсембаев
әлеуметтанушы, PaperLab зерттеу орталығының жетекшісі
15 жылдан аса әлеуметтану саласында қызмет етіп келеді. Оның зерттеу саласы азаматтық қоғамның қалыптасуы, этникааралық қатынастар, экстремизм және мемлекеттік саясат мәселелерін қамтиды.
Жәнібек Арынов
халықаралық қатынастар саласындағы зерттеуші, Назарбаев Университетінің ассистент-профессоры
Британтық Сент-Эндрюс Университетінде PhD дәрежесін алған, қазақтандық зерттеу институттарында қызмет атқарған. Қазіргі таңда Жәнібек халықаралық қатынастар жүйесіндегі өзгерістердің Қазақстанға, Орталық Азияға ықпалын зерттейді.
Диана Құдайберген
саяси әлеуметтанушы, зерттеуші, Орталық Азия мен Балтық елдеріндегі саяси әлеуметтану, наразылықтар және ұлтшылдық тақырыптары бойынша кітаптардың авторы
Диана Лондон университетінің (UCL) Славистика және Шығыс Еуропа зерттеулері мектебінде (UCL SSEES) саясаттану және әлеуметтану саласындағы Орталық Азиялық зерттеулер бойынша дәріс береді. Бұған дейін ұзақ уақыт Кембридж университетінің әлеуметтану факультетінде оқытушылық қызмет атқарған. Ұлт құру және саяси процестер тақырыптарында кітаптар мен көптеген ғылыми мақалалар жазған.
Ғалым Жүсіпбек
дербес зерттеуші
Анкара университетінің саясаттану факультетінде магистр және философия докторы дәрежелерін алған. Оның диссертациясы критикалық теориялар және неограмшиандық әдіс, Еуропа мен Еуразия қауіпсіздігі мәселелері, сонымен қатар ориентализм тақырыптарын қамтыған.
Зерттеушінің ғылыми қызығушылықтары: критикалық теориялар, критикалық реализм, адам құқықтарының теориялық негіздері, инклюзивті даму мәселелері, «мұсылман әлеміндегі» идеялық ағымдар, әйелдер мен балалардың құқықтары және деколониал тәсіл.
Шолпан Айтенова
«Zertteu Research Institute» коммерциялық емес ұйымы құрылтайшыларының бірі және атқарушы директоры
Шолпан 15 жылдан астам уақыт бойы қоғамдық саясат және мониторинг мәселелерімен айналысып келеді, соның ішінде бюджет процестерін талдау және азаматтық қоғамның мемлекеттік қаржы туралы хабардарлығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. 2018–2019 жылдары оның басшылығымен мамандарға бюджет процесін оқытуға және мемлекеттік органдармен кәсіби диалогты дамытуға бағытталған Open Budget Fellowship жобасы жүзеге асты
Жолдас Өрісбай
журналист, Азаттық Радиосының Астана кеңсесінде әлеуметтік медиа редакторы
Адам құқықтары, миграция, мемлекет қаржыландыратын үгіт-насихат, саясат және экономика тақырыптарына материалдар дайындайды. Massaget.kz, 7kun.kz, informburo.kz сияқты интернет ресурстарда жұмыс істеген. 2021 жылы Мичиган штаты университетінде журналистика магистрі дәрежесін алған. COVID-19 кезінде Ресей мен Қазақстандағы дезинформация мен пропаганданы зерттеген.
Сонымен қатар Жолдас MNU-дегі Журналистика мектебінің студенттеріне тәлім береді.
Галия Идоятова (Токарева)
журналист, «Точка» креатив шешімдер агенттігі» компаниясының басшысы және арманшыл жан
Галия өз қаражатына Nukte және Ne boldy YouTube арналарын дамытып келеді. Екі арнаның негізгі бағыты — елдің және жеке адамдардың өмірін, процестерді және тарихты зерттеу. 2023 жылы Галия продюсерлік еткен «Ерте жүктілік» деректі фильмі New Reporter және Internews Kazakhstan ұйымдарының нұсқасы бойынша «Үздік ағартушылық фильм» деп танылды
Қала ішіндегі дала
Биыл 23 - 29 қараша аралығында TEDxAstana Salon аясында Urbanitarium білім беру бастамасымен бірлесе ұйымдастырылған көрме өтеді. Pygmalion галереясымен серіктестік аясында өтетін көрме Talan Gallery кеңістігінде ұйымдастырылмақ.
Елдегі қарқынды урбанизация табиғи көріністерге деген сағынышымызды ұлғайта түскендей, сондықтан табиғи объектілерді, олардың бірегей экожүйелерін сақтау қозғалысы ерекше маңызға ие болуда. Астананың далалы табиғаты — көлдері, жыл құстары, қамысы, күннің таңғажайып батқаны, бәрі-бәрі қаланың ультразаманауи сәулеті мен тарихи ескерткіштері сияқты маңызды бір бөлігі. Сондықтан дәл осы тақырыпты көрме көрермендеріне ұсынсақ дейміз.

Көрме кураторы Оля Веселова TEDxAstana Salon қатысушыларына арнап арнайы экскурсия өткізеді.
Немного о формате Salon
Одна из главных задач этого камерного формата — поддерживать связь с сообществом TEDx между основными конференциями.
Здесь больше экспериментов для вас и нас: вы услышите не только классические TEDx talks, но и примете участие в дискуссии, увидите документальное видео эссе, станете гостями на открытии выставки.

Еще одно важное отличие — на салонах мы фокусируемся на обсуждении только одного вопроса, темы или проблемы, препарируя их с разных сторон.
И свой первый салон мы посвящаем обсуждению электорального суперцикла 2024 года:
- как изменилась карта демократизации мира?
- какие гипотезы для социальных наук подарил этот год?
- какие тренды, феномены, рожденные этим электоральным суперциклом, предстоит изучить научному сообществу в будущем?
- кризисы и ренессансы каких политических идей мы наблюдаем?
- и, главное, что все это значит для нас, казахстанцев и жителей Центральной Азии?

Тема первого салона — KÖŞ (көш, кочевье) — как метафора постоянного движения, процесса, гарантирующего множество открытий на пути.

Мы верим, что демократия – это не конечная остановка, но извилистый путь. Как и при кочевье, движение происходит и при свете, и во тьме и смысл его в том, чтобы продолжаться во имя лучшей жизни.
Гид по конференции
12:00-13:00
12:00-13:00
регистрация
13:00-14:30
13:00-14:30
первая сессия
14:30-15:00
14:30-15:00
перерыв
15:00-17:00
15:00-17:00
вторая сессия
19:00-20:00
19:00-20:00
открытие выставки (в пространстве Talan Gallery по адресу: Достық 16, 1 этаж https://2gis.kz/astana/geo/70000001039996949)

Возможны небольшие отклонения от тайминга.

Входы в зал будут закрываться перед каждой сессией и открываться только на перерывы.

Если вы опоздали на сессию, наши волонтеры смогут впустить вас только в перерывах между выступлениями спикеров, чтобы не мешать процессу съёмки.
Выставка “Степь в городе”

В 19:00 в пространстве Talan Gallery, в партнерстве с галереей Pygmalion, состоится открытие выставки «Степь в городе». Она организована совместно с образовательной инициативой Urbanitarium специально в рамках TEDxAstana Salon.

Стремительная урбанизация страны усиливает нашу тоску по природным пейзажам и это делает движение за сохранение природных объектов с их уникальными экосистемами особенно актуальным. Степная природа Астаны с ее озерами, перелетными птицами, тростником на фоне удивительных закатов – такая же часть облика города, как и ультрасовременная архитектура и исторические памятники. Именно об этом мы бы хотели рассказать зрителям выставки.

Кураторка выставки Оля Веселова проведет экскурсию в вечер открытия специально для участников TEDxAstana Salon.

Также напомним некоторые организационные моменты:

В зале
Рассадка свободная, в каждой сессии вы можете выбирать новое место.

Перерывы
Интерактивов в перерыве не предусмотрено, но мы организуем для вас питание, напитки и возможность пообщаться с другими участниками.

Гарнитура для синхронного перевода
Наушники для синхронного перевода будут выданы в обмен на документ, удостоверяющий личность. На случай, если при регистрации вы забыли указать, что вам нужна гарнитура, мы предусмотрели несколько дополнительных комплектов.

Фото и видеосъемка во время сессий
Так как во время конференции будет вестись многокамерная запись, просим вас не использовать фото- или видео устройства либо отключить вспышку.
Это нужно, чтобы, во-первых, не отвлекать спикеров, ведь им нужны ваше внимание и поддержка.
Во-вторых, это создает визуальные помехи для записи.
В-третьих, это запрещено правилами TEDx. Все видео будут доступны онлайн, а все фотографии, сделанные нашими фотографами, будут размещены на нашей странице в Facebook после конференции.
В связи с этим мы также сообщаем, что, участвуя в конференции, вы даете согласие на распространение изображений с вашим участием в интернете согласно лицензии Creative Commons.
Наши партнеры

Идейный партнер TEDxAstana Salon — исследовательский центр Paperlab
Также благодарим за поддержку партнеров:
Алия Тлегенова
политологиня, исследовательница центра Paperlab
В круг ее научных интересов входят темы политики развития, протестов и гражданского общества в Казахстане и Центральной Азии. Бакалавр политологии и международных отношений Назарбаев Университета (Астана), Магистр международного развития Института Политических Исследований (Sciences Po, Париж).
Проводила исследования коллективной памяти казахстанцев о годах независимости, изучает политические ценности и поляризацию в казахстанском обществе.
Асель Битабар
преподавательница и исследовательница
Научные интересы Асель Битабар включают в себя международную политику и вопросы национального строительства в странах Центральной Азии, а также внешнюю политику Китая.
Один из её текущих проектов посвящён приграничному сотрудничеству Казахстана с соседними государствами.
Асель получила образование в Евразийском национальном университете и Университете Хоккайдо.
Шалқар Нұрсейіт
директор Центра политических решений, эксперт по политическим коммуникациям
Его основные исследовательские интересы включают в себя политическую коммуникацию, пропаганду, лоббирование, американско-казахстанские отношения и политические режимы в Казахстане и Центральной Азии.
Выпускник факультета Философии и политологии КазНУ имени Аль-Фараби, магистр в области медиа и стратегических коммуникаций George Washington University, выпускник международной программы «Болашақ».
Серик Бейсембаев
социолог, руководитель исследовательского центра PaperLab
Работает в сфере социологии более 15 лет работает.
Его научные интересы включают в себя: становление гражданского общества, межэтнические отношения, экстремизм и вопросы государственной политики.
Жанибек Арынов
исследователь в области международных отношений, ассистент-профессор Назарбаев Университета
Получил степень PhD в британском университете Сент-Эндрюс, работал в казахстанских научно-исследовательских институтах. Сейчас Жанибек изучает влияние изменений в системе международных отношений на Казахстан и Центральную Азию.
Диана Кудайберген
политическая социологиня, исследовательница, авторка книг по политической социологии, протестам и национализму в Центральной Азии и странам Балтии
Диана преподает Центральноазиатские исследования в политологии и социологии в Школе славистики и восточноевропейских исследований UCL университета в Лондоне (UCL SSEES). До этого долгое время преподавала на факультете социологии Кембриджского университета. Автор книг и многих научных статей по теме нациестроительства и политических процессов.
Галым Жусипбек
независимый исследовател
Получил степени магистра и доктора философии в Университете Анкары на факультете политических наук, его диссертация была посвящена критическим теориям и неограмшианскому подходу, исследованию вопросов европейской и евразийской безопасности, а также ориентализму.
Сфера научных интересов охватывает критические теории, критический реализм, теоретические основы прав человека, вопросы инклюзивного развития, идейные течения в «мусульманском мире», а также права женщин и детей и деколониальный подход.
Шолпан Айтенова
соучредитель и исполнительный директор некоммерческой организации «Zertteu Research Institute»
Шолпан более 15 лет занимается вопросами общественной политики и мониторинга, уделяя особое внимание анализу бюджетных процессов и повышению информированности гражданского общества о государственных финансах.
В 2018–2019 годах под ее руководством был реализован проект Open Budget Fellowship, направленный на обучение специалистов бюджетному процессу и развитию профессионального диалога с государственными органами.
Жолдас Орисбай
журналист, редактор социальных медиа офиса радио Азаттык в Астане
Пишет материалы на темы прав человека, миграции, государственной пропаганды, политики и экономики. Работал на таких интернет-ресурсах, как Massaget.kz, 7kun.kz и informburo.kz. В 2021 году получил степень магистра журналистики в Мичиганском государственном университете. Во время пандемии COVID-19 исследовал дезинформацию и пропаганду в России и Казахстане. Также Жолдас преподает в Школе журналистики MNU.
Галия Идоятова (Токарева)
журналистка, СЕО «Агентства креативных решений «Точка» и мечтательница.
Галия развивает ютуб-каналы Nukte и Ne boldy на собственные средства. Основной фокус обеих площадок — исследование жизни, процессов и истории как страны в целом, так и людей. Документальный фильм «Ранняя беременность», спродюсированный Галией, был назван «Лучшим просветительским фильмом» по версии организаций New Reporter и Internews Kazakhstan в 2023 году.
Степь в городе
В рамках TEDxAstana Salon c 23 по 29 ноября 2024 года, в партнерстве с галереей Pygmalion, в пространстве Talan Gallery пройдет выставка, организованная совместно с образовательной инициативой Urbanitarium.

Стремительная урбанизация страны усиливает нашу тоску по природным пейзажам и это делает движение за сохранение природных объектов с их уникальными экосистемами особенно актуальным. Степная природа Астаны с ее озерами, перелетными птицами, тростником на фоне удивительных закатов такая же часть облика города, как и ультрасовременная архитектура и исторические памятники. Именно об этом мы бы хотели рассказать зрителям нашей выставки.

Кураторка выставки Оля Веселова проведет экскурсию по выставке специально для участников TEDxAstana Salon.