S U P E R N O V A
Құрметті тілектес, қош келдіңіз!
TEDxAstana – идеяның күшіне сенетіндер кездесетін жер.

Өтініште таныс есімді көргенде, командамызбен бірігіп қатты қуанамыз, және жаңа қатысушылардың қатарға қосылуы – естен кетпес жылы кездесуден үміт арттырады. TEDx форматын жақсы көретін біз, еріктілер тобы идеялардың өмірімізге қалай жарық беретінін және біз бен сізді өзгертетінін көру үшін, жыл сайын осы бір ұзақ процесстен тұратын дайындықты қолға алуға бел байлаймыз.

Сосын әр тыңдарман осы идеяның сәулесін өзімен бірге таратып, күшін еселететініне сенеміз.

TEDXASTANA 2021
SUPERNOVA

Supernova – биылғы TEDxAstana тақырыбы – Жап-жаңа жұлдыз, жаңа парадигма. Дәл осы Жап-жаңалардың арқасында әлем, күллі ғалам және әр галактика эволюцияға ұшырайды. Егер біз осы метафораға бойласақ, ғалам – ол адам, ал супернова – бұл өз ойымызды, көнерген түсінікті, стереотипті, біреуден күткенімізді өзгертуге көмектесетін идеялар.
Спикерлеріміздің идеясы кез келген үлкен бастаманы алыстағы жарықтың ұшқынымен, ғарыш сәулесімен, ғаламның отшашуымен салыстырғанмен бірдей. Жаңа жұлдыздар еркімізден тыс туса да, олардың бізге әсерін, жаңалығын, маңызын сезіну санамыздың оларды қабылдауға қаншалықты дайын екеніне байланысты.

Аталған тақырыпты мәлімдей отырып, әрине біз сіздерге жап-жаңа жұлдыздарды табуға, ұсынуға ұмтыламыз. Идеясы мен жобасы бірегей спикерлер. Бізге жаңа ғаламды ашуға дайын зерттеушілер. Баршаға мәлім дүниеге өзгеше қарайтын көріпкелдер. Көптен бері паш еткіміз келген сарапшылар.

Бізбен бірге осы бір қызық тәжірибеге – идеялар әлеміне бой ұрып, өз ойыңыздың астаң-кестеңін шығаруға және жаңа жұлдызды жағуға шақырамыз. Кім біледі, бәлкім ол жаңа жұлдыз Сіз шығарсыз?

Сонымен, қанша жұлдызды бірге жағамыз?

TEDxAstana командасы
Қайырлы күн,
TEDxAstana 2021
конференциясына қатысушы қауым!
Өздеріңізді осы форумда, ұстанымына сай идеяның күшіне сенетіндердің кездесуіне арналған алаңда көргеніме қуаныштымын. Жыл өткен сайын тілектес жандардың саны артып жатқанына және қуанамын. Неге десеңіз, TEDxAstana – бұл шынымен де әрқайсымыздың көзқарасымызды өзгертетін шабыт беруші идеялар айтылатын бірегей алаң. Ол ойлардың күші мен қуаты ерекше келеді де жаңа білімге, жаңа асқақ талпынысқа итермелейді. Бағалы тәжірибемен бөлісіп, үнемі тың идея іздеу – интеллектуалдық TEDxAstana платформасын дара ететіні де осы. Және осы ерекшеліктер компаниямыз «Қазақтелеком» АҚ ұстанымымен ұштасады.

Қазір біз дәстүрлі бизнесімізді трансформациялап, дамудың жаңа жолын қарап жатырмыз, сондықтан телекоммуникация нарығының кез келген мүшесі сияқты «Қазақтелеком» үшін де TEDxAstana-ның бүгінгі «Supernova» (Жап-жаңа жұлдыз) тақырыбы аса өзекті болып табылады. Конференцияны ұйымдастырушылар бірегей идеясы мен жобасы бар жап-жаңа жұлдыздарды табуды көздейді, «Қазақтелеком» да осы бағытта жұмыс істеп жатыр, осы ортақ ізденістегі айырмашылығымыз тек салалық ерекшелікте. Біз сондай-ақ кез келген озық тәжірибені зерттеп, өз жобамызда қолдануға, насихаттауға дайынбыз, сондықтан TEDxAstana-мен тілегіміз бір және ол бізге арналған деуге болады.

Цифрлық дамуы тоқтамайтын және озық технология зымыраған бүгінгі заманда аталған саладағы ұсыныстар мен идеялар ерекше мағынаға ие, айрықша айтылады. Жедел байланыс арналары, жаңа қызметтер, ТВ-платформалар пайда болғалы мыңдаған адамның жұмысы жеңілдеді, бизнестің дамуына кәдімгідей серпін берді және қазақстандықтардың бос уақытын түрлендіріп, жарқыратты. Алайда адам өмірін жақсартуды мақсат тұтқан осы үдеріс кідірмей, күнде-күнде алға қарай адымдап отыру үшін, цифрлық әлемге өз жұлдыздары – Digital саласына тиімді шешім ұсынуға дайын Supernova керек.
Биылғы біздің TEDxAstana аясындағы серіктестігіміз «Қазақтелеком» АҚ тиесілі «TV+» жобасының дамуының тағы бір кезеңі болып табылады. Оның негізінде дәл осындай цифрлық шешімдер жатыр. Атап айтсақ, интерактивтік теледидар қызметі сүйікті телеарнаны эфирден, теледидарлық бағдарламаларды мұрағатта, фильмдер мен сериалдарды бір парақша арқылы әртүрлі құрылғымен Ғаламтор бар кез келген жерде және қалаған уақытта тамашалауға мүмкіндік береді. «TV+» жобасы 4K, Full HD және SD сапасында 170 ТВ-арнасын, жазылым бойынша жарнамасыз фильмдер, сериалдар мен мультфильмдер көруге мүмкіндік береді.

«TV+» дегеніміз бұл және экраны бар заманауи құрылғыларға (смартфондар мен планшеттер (iOS пен Android), SmartTV және Android TV қызметі бар теледидарлар, ЖК және ноутбуктар, теледидарға қосылған телевизиялық тіркемелер (STB)) арналған мультитілдік қосымша. Кез келген ғаламтор бар жерде қол жететін «Теледидар қалтада» – қазақстандық мамандар ойластырып, әзірлеген платформасының басты артықшылығы – оны жұмысқа бара жатқанда, демалыста серуендеген кезде тамашалауға болады.

Сондай-ақ жаңа платформаны бір аккаунт арқылы бірнеше құрылғыда қолдануға болады: айталық, абонент үйден шықса, картинаны теледидардан смартфонға «лақтыра» алады да, сүйікті бағдарламаны үзбей көреді. «TV+» қосымшасын App Store немесе Play Market арқылы жүктеп, таралымды тоқтата тұру, айналдырып жіберу мүмкіндігімен және платформада бір апта сақталатын телебағдарламалардың көмегімен өз теледидарыңның кестесін құра аласың. Мұндай шешімдер TEDxAstana2021 конференциясының даму идеясымен және жалпы философиясымен ұштасатыны сөзсіз. «Қазақтелеком» бұл өнімнің алдағы уақытта жақсара түскенін, және ең озық идеялар қолданылатын басқа да осындай платформалар мен қосымшаларды әзірлеуді көздейді. Кім біледі, бәлкім осындай идеяларды біз биылғы TEDxAstana алаңынан іліп әкетуіміз де мүмкін. Біз ойымыз бір жерден шыққан тілектес бір команда мүшесі болғанымызға қуаныштымыз. Әрқайсыңыз бұл конференциядан құнды идея мен пайдалы білім алып, батыл әрі қоғамға қажетті жобаларға ынталанатындарыңызға сенімдімін.



Құрметпен,
«Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы
Қуанышбек Есекеев

Бас серіктес
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ КҮНТӘРТІБІ
10:00 – 11:00
10:00 – 11:00
Қатысушыларды қарсы алу, кофе
11:00 – 12:15
11:00 – 12:15
Бірінші сессия
12:15 – 13:00
12:15 – 13:00
Таңғы ас
13:00 – 14:15
13:00 – 14:15
Екінші сессия
14:15 – 15:00
14:15 – 15:00
Түскі ас
15:00 – 16:15
15:00 – 16:15
Үшінші сессия
16:15 – 17:30
16:15 – 17:30
Коктейль
Залдың есіктері әр сессия алдында жабылады және тек үзіліс кезінде ғана ашылады.
Үзіліс кезінде өзге қатысушылармен танысуға, интерактивтерге қатысуға және сусын ішіп, әлденіп алуға болады.

Конференцияның негізгі бөлімі сағат 16:15 шамасында аяқталады. Содан соң арнайы дайындалған коктейльден дәм татамыз.
Зият Абдыкаимов
Цифрлы инклюзия бойынша сарапшы, Nazarbayev University ассистивті технологиялар мен ақпарат қол жетімділігі бойнша менеджер
Зият мүгедектігі бар адамдарға қол жетімді орта қалыптастырудың маңыздылығын анық біледі. Әсіресе, қолжетімді цифрлы ортада. Барлық қазақстандықтар сияқты денсаулық жағынан мүмкіндігі шектеулі жандар да басқалармен араласып, тамаққа тапсырыс беріп, жаңалық оқып, жұмысқа барғысы келеді. Бірақ цифрлы өнімдердің қол жетімсіздігі: мұндай адамдарға арналған жұтаң немесе ондай интерфейстің мүлдем болмауы оларға кәдімгі, қарапайым өмір сүруге мүмкіндік бермейді. Зият айтқандай, «өз өнімдеріңізге цифрлы қол жетімділікті енгізбесеңіз, мыңдаған адамды бір жұтым өмірінен айырасыздар».

Зият цифрлы инклюзив бойынша Nazarbayev University сарапшы, оның мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істеу тәжірибесі - жеті жыл. Оның өзі NU білім беру жоғары мектебін бітірген.
Әйгерім Әлизақова
Unknownkazak блогы авторларының бірі
Білімі бойынша экономист, қабілет-қарымына қарай Қазақстан тарихын кеңінен таратушы. Ол Instagram парақшасында Unknownkazak танымал блогын жүргізеді.

Көшпенді мәдениет туралы беймәлім деректер, ата-балаларымыздың фиософиясы мен қазақ халқының озық тұлғалары жайлы биографиялық фактілер – блогтың негізгі тақырыбы.
Ерасыл Тауекел
Ғарыш жайлы ақпаратты кеңінен таратушы, NASA стажері, зымыран құрылысын жаасушы, ғарыш технологиялары саласындағы зерттеуші
Ерасыл - «алынбайтын қамал жоқ» дейтін жаңа қазақстандық ұрпақтың жарқын өкілі. Астанадағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11 сыныбында оқып жүріп, NASA-да тәжірибеден өтіп үлгерді. Болашаққа жоспары: ғарыш тақырыбын кеңінен таратуды жалғастыру, ғарыш технологиялары саласында майталман маман атану, ғарышқа ұшу. Ұраны: «Басыңызды жұлдызға қарай көтеріңіз – барлық сауалдарыңызға жауап табасыз».
Теміртас Ысқақов
Архитектор, Fading.TSE жобасының бастамашысы
Теміртас Ысқақов астанада тұрғанына 10 жылдан сәл асты. Ескі Астананың, онымен қоса оның тарихының жылдап жоғалып бара жатқанын түсіну үшін осы уақыт жеткілікті болатын. Астананың архитектурасы, тарихы мен визуалды бірегейлігі үзік-үзік, аз байқалса да, әрдайым қызық. Fading.TSE жобасы қаланың тарихи-мәдени мұрасы жайлы баяндаған кезде әрбір адамның осы мұра мен астананың бірегелігін құрайтын құндылықтарға деген құрметі артады. Жоба әлеуметтік желілермен белсенді жұмыс істейді, сарапшылармен ашық кездесулер өткізеді, сол арқылы архитектура артефактарын зерттеу мен сақтау мәселелеріне қала тұрғындары мен БАҚ назарын аудартады.

Қазіргі таңда Теміртас пен оның командасы Қазақстан аймақтарындағы мұраларға қатысты жағдайлар бойынша деректер фильмдер серияларын дайындауда.
Назира Қасенова
Диджей, продюсер, промоутер және биолог
Диджей ретінде Назира сеттермен әлемді аралап, барлық музыка адамдарды бақытты ететінін көрді. Мәселеге биологиялық және психологиялық тұрғыдан қарай отырып, Назира Қасенова музыка неге бізді бақытты ететіні жайлы өз ойымен бөліседі.

Білімі - University of St Andrews, BSc Molecular Biology; ҚазҰАУ, биотехнологиялар магистрі. Өзінің сеттерімен әлемнің 36 елінде өнер көрсетті. Келешекте музыка мен бақыттың корреляциясын, биоартты зерделеп, музыка жазып, әлемді бақыттырақ еткісі келеді.
Ирина Бхарат
«Ильхом» театры халықаралық бағдарламалар директоры, театр продюсері, психолог
Ирина Бхараттың Орталық Азиядағы танымал тәуелсіз театрлардың бірі «Ильхомда» жұмыс істегеніне 16 жылдан асты. Ол Арт-менеджерден халықаралық жобалар менеджеріне дейін жолды жүріп өтті. Қазір театрды Орталық Азиядағы заманауи өнер орталығына айналдыру жолында.

Ирина «Ильхомның» «кешесі, бүгіні мен ертеңі» туралы, театрдың пандемия кезіндегі жаңа тәжірибесі - «I love you,but» жобасы жайлы сыр шертеді.
«Ильхом» театры
«Ильхом» театры 1976 жылы режиссер Марк Вайль және Ташкент театр-көркемсурет институтының бір топ түлектері негізін қалаған бұрынғы Кеңес Одағы тарихындағы алғашқы кәсіби театр. Театр еркін импровизациялайтын, сезімтал және бір-бірін түсінетін солистерден тұратын ансамбль ретінде қалыптасты.

Бүгінде «Ильхом» - Орталық Азиядағы ең танымал театрлардың бірі.

«Ильхом» театрының заманауи репертуары алуан түрлі: әлемдік классикадан дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келген жас авторлардың шығармаларына дейін қойылады, олардың көпшілігі осы театрда алғаш рет көрермен назарына ұсынылды.
Әйгерім Солтабаева
Назарбаев Университеті биология кафедрасында постдокторант
«Ауылшаруашылығы өсімдіктерінің абиотикалық стресстерге төзімділігін қартаю гені экспрессиясын модульдеу жолымен арттыру» ғылыми жобасы авторы, микробиология, жасуша биологиясы, модерн биология бойынша дәріс оқиды, Directed study Directed study (бакалавр студенттердің ғылыми жұмыстары бойынша менторлық) бойынша ментор.

Өзін орташа оқитын оқушыдан үздіктер қатарына қосқан, Мәскеу Мемлекеттік университетін табысты тәмамдап, Израильде докторлығын сәтті аяқтаған. Ал қазір «Ауылданмын, оқығым келеді» әлеуметтік жобасында ауылда нашар оқитын оқушылармен тәжірибемімен бөліседі. Әйгерім оның кеңесі мен үлгісі табысқа жетуде көмек болады деп үміттінеді.
Ләззат Ханым
Суретші, дизайнер
Батыс Қазақстан тумасы. Ләззат Ханым Астанадағы ЮНЕСКО Көркемсурет мектебін 2012 жылы аяқтаған, ал 2017 жылы Нью-Йоркте The New School for Design –да Fashion Design бакалавры дәрежесін алды. Оқуды аяқтаған соң «5:45 AM» эко-брендін жасады, онда минимализм философиясына аса мән беріледі. Нью-Йоркте дизайнерлік жобаларды аяқтағаннан соң Ханым Ыстамбулға көшті, онда өзінің бренді идясын жүзеге асырып, графикалық дизейнер ретінде дамығы келді. Сан қатпарлы мегаполистермен шабыттанған Ханым өзінің шығарамашылық ізденістерін Алматыда жалғастырдығ қазір сол жақта тұрады, заманауи көркемсуретпен айналысады.
Зарина Байболова
Стендап-комик
Зарина стендап комедияларымен 6 жастан айналысады. ТНТ арнасындағы стендап қатысушысы, сол жерде каминг-аут жасады. Өз сөзінде ол Қазақстандағы ЛГБТ тақырыбын қозғайды.
Ақмарал Тұрсынова
Заңгер, Medsupportkz жобасы негізін қалушыларының бірі, медицина мен дәрігерлер фанаты
Ақмарал тегін қызмет көрсететін дәрігерлер адвокаты. Ол бірге ауқымды жоспарлар жүзеге асыруға болатын медиктер, ғалымдар мен немқұрайлы емес адамдарды қолдайды. Дәрігерлер күн көріс қамын күйттемейтін, науқастар көмекке телмірмейтін сау елде өмір сүру. Бұл – Ақмарал мен өз ісінің немқұрайлы емес мамандарының синергиясы - Medsupportkz алаңқайының мақсаттары мен ұмтылыстары. Сын сағатта пайда болған азаматтық қоғам ұяшығы. Бралық нәрсеге деген жаппай сенімнің болмауы дәуіріне қарамастан, Medsupportkz ағартушылықпен айналысуда, хабар таратуда, өз білімдері мен көзқарастарынан жаңылмайды.
Азамат Османов
Magnum Cash&Carry (Magnum) сауда-бөлшектеп сату желісі басқарма төрағасы
Қазақстанда цифрлы тарнсформация не үшін қажет. Қазақстандық бизнесте IT-шешімдер енгізу тәжірибесі бойынша Азамат Османов ой бөліседі. Оның бизнесте ғана емес, корпоративті сектеорда, халықаралық компанияларда жұмыс істеу тәжірибесі бар.
Руслан Уразалиев
Қазақстандық биоәралуандылықты сақтау қауымдастығының ғылыми қызметкері, PhD кандидаты (Вильгельм атындағы Вестфаль университеті, Мюнстер, Германия)
Руслан құстарды зерттеу 13 жылдық тәжірибесі бар. Қазіргі таңда тарғақты (жоғалу қаупі бар дала балшықшысы) сақтау және зерттеу бойынша жобаның үйлестірушісі, осы сирек кездесетін құс мекендейтін елдердегі серіктестермен жұмыстарды халықаралық деңгейде үйлестіру ісіне жауапты. Ол дала құстарының жоғалып бара жатқан және шешуші түрлері, басты орнитологиялық аумақтарды сақтау, сулы-батпақты алқаптарды басқару бойынша маманданған, қала биоәралуандылық тақырыбын зерттейді. Соңғы жылдары табиғи экожүйелер мен табиғи ландшатфтарды қалалық ортаға интеграциялау бойынша қалалық табиғи саябақтар құру идеясын ілгерілетуде. Астанадағы Талдыкөл көлдер жүйесін сақтау үшін қалалық табиғи саябағын құру тұжырымдамасы авторларың бірі.
Рысгүл Досжанова
@tarmaqtar әдеби жобасының жетекшісі
Қазақ әдебиетінің эстетикасы «Жан тыныштығы министрлігіне» жетелейді

Филолог. «Turkistan» халықаралық телеарнасының smm редакторы