Тарих оқулықтарындағы ашаршылық тақырыбына қатысты қарама-қайшылықтар

KZ
Берікбол Дукеев 1931-1933 ашаршылық тақырыбының қазіргі тарих оқулықтарында қалай сипатталып, қалай есте сақталғанын зерттеп жүр. Ашаршылық рефлексиясы бізді қоршаған мұражайлар, ескерткіштер, фильмдер, кітаптар және бастысы оқулықтар арқылы жүзеге асады. Сондықтан тарих пәні оқулықтарының маңызы аса зор деген пікірде спикер.
– Мектептегі тарих оқулықтары ұжымдық есте сақтауды, бәрімізге ортақ қоғамдастық – universe идеясын қалыптастырады. Яғни оқулық – бір мемлекетте, қалада, ауылда өмір сүретін адамдарды ортақ кеңістікте біріктіретін құрал, – дейді ол.
Сонымен қатар Берікбол конференция қатысушыларын «Ашаршылыққа кім жауапты және бұдан кім көбірек зиян шекті?» деген сауал аясында ойлануға шақырды.

-----------------------------------------------------

Берикбол Дукеев изучает, как в учебниках истории представлен ашаршылық – голод 1931-1933 годов Казахстане. Рефлексия на эту сложную тему отражена в музеях, памятниках, фильмах, книгах и учебных материалах. И именно школьные учебники очень важны.
«Школьные учебники истории формируют коллективную память, представление о мироздании, общее для всех нас. То есть, это инструмент, который объединяет людей, живущих в едином пространстве – одной стране, городе, селе», — говорит он.
Кто несет ответственность за это и кто пострадал больше всего – спикер призвал аудиторию подумать над ответами на эти вопросы.