Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі болуы үшін не істемек керек?

KZ
Конференцияның алғашқы спикері тіл белсендісі Мақсат Арзаман биылғы жылдың өзекті мәселелерінің біріне айналған қазақ тілінің қолданысы туралы сөз қозғады.
Бала кезден тілдік кедергілерге жиі ұшыраған Мақсат мұндай күрес көптеген қазақ баласының басынан өткеніне сенімді. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін ол достарымен Qazaqsha Jaz қозғалысын бастаған.
— Қозғалыстың мақсаты – әлеуметтік желідегі кәсіпкерлік парақшалардан өз тұтынушы құқымызға сай қазақша ақпарат беруін талап ету. Ерекшелігіміз – сыпайы және мәдениетті түрде, заң баптарына сәйкес талап қойып, екі тілде де ақпарат берілуі қажет екенін ескерту, — дейді Мақсат.
Осылайша QazaqshaJaz қозғалысы 1000-нан астам кәсіпкерден қазақ тілінде ақпарат беруді талап еткен. Нәтижесінде жүзден аса компания парақшасын қазақша жүргізе бастап, мәзірін қазақшалаған. Сонымен қатар Мақсат командасымен бірге қазақ тілін енді үйреніп жүргендерді қолдау үшін Tildes сөйлесу клубын ашқан.
– Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тіліне айналуы қажет, – дейді Мақсат.

Первый спикер конференции лингво-активист Максат Арзаман поделился рассуждениями о казахском языке, ставшим одной из самых актуальных тем этого года.
Максат с детства часто сталкивался с языковыми барьерами, и уверен, что в такой борьбе жили многие казахские дети. Поэтому для решения этой проблемы он и его друзья основали интернет-движение Qazaqsha Jaz.
«Цель движения — требовать, чтобы бизнес-страницы в социальных сетях предоставляли потребителям информацию на казахском языке по собственному праву. Наша особенность — отстаивать свои права вежливо, культурно и в соответствии с законом и предупреждать о необходимости предоставления информации на двух языках», — говорит Максат.
Так, движение Qazaqsha Jaz обратилось к более 1000 предпринимателям с просьбой предоставить информацию на казахском языке. В результате более ста компаний начали вести свои страницы на казахском языке и перевели меню на казахский язык. Также вместе с командой Максат открыл чат-клуб Tildes для поддержки тех, кто только начинает изучать казахский язык.