Жасанды интеллектен туындайтын теңсіздік мәселесін қалай шешуге болады

KZ
TEDxAstana конференциясы ChatGPT, Жасанды интеллект (ЖИ) тақырыбын айналып өткен жоқ. Жасанды интеллектінің қарқыны, мүмкіндіктері мен қоғамның жауапкершілігі туралы программист Данияр Мұқанов сөз қозғады.
Спикердің айтуынша, адамзат жаңа эраға, яғни ЖИ эрасына өтіп жатыр. Дегенмен қарқынды дамып жатқан ЖИ-де назар аударатын маңызды мәселе бар.
– Қазіргі уақытта ChatGPT ағылшын тілінде өте жақсы жұмыс істейді және испан, орыс және неміс сияқты кең таралған тілдерді жақсы түсінеді. Бірақ салыстырмалы түрде азырақ адам қолданатын тілдерде пайдаға жарамайды. Мейлінше көп адам жасанды интеллектіні өз ана тілінде қолдана алуы үшін жасанды интеллектіні барынша қолжетімді ету керек, – дейді Данияр Мұқанов.
Оның пікірінше, цифрлық әлемдегі қазақ тілінің орны шынайы әлеммен пропорционал емес. ЖИ-дегі тілдік теңсіздікті жою бірінші кезекте бізге, яғни сол тілдің тікелей иелеріне керек.

На TEDxAstana не обошли вниманием ChatGPT и искусственный интеллект. По мнению программиста Данияра Муканова, человечество вступает в новую эру – эру ИИ. И есть важный вопрос, на который следует обратить внимание в связи с темпами развития искусственного интеллекта.
«В настоящее время ChatGPT очень хорошо работает на английском языке и хорошо понимает распространенные языки, такие как испанский, русский и немецкий. Но ситуация с языками, на которых говорит относительно небольшое количество людей противоположная. Нужно сделать эту технологию максимально инклюзивной, чтобы как можно больше людей могли пользоваться возможностями искусственного интеллекта на своем родном языке», — сказал Данияр.
По его словам, положение казахского языка в цифровом мире непропорционально. И нам, непосредственным пользователям этого языка, необходимо устранить языковое неравенство в ИИ.