Ислам модернизмі - дамуға апарар балама көзқарас

KZ
Исламды қазіргі заманға сай модернизациялау мүмкін бе? Дінтанушы Асылтай Тасболат бұл сұрақтың жауабын қазіргі ислам ойшылдарынан тапқан. TEDxAstana сахнасында Асылтай бүгінгі қазақ қоғамына модерн исламның рефлексиясы не себепті қажет екенін тарқатып, әлемдік практикаға тоқталады.
«Қазір біз зымыраған XXI ғасырдамыз, ал Құран 7 ғасырда түскен. Қаншама ғасырдан бері адамның санасы, тұрмысы өзгерді», – дейді дінтанушы. Ислам модернизмі болса, аяттардың универсал мазмұнын ашып, оларды бүгінгі заманда дұрыс түсініп, дұрыс қолдануды мақсат етеді.
Асылтайдың айтуынша, елде урбанизация процесі күшейген тұста мұндай трендтердің зерттелмеуі, пән ретінде оқытылмауы, медиада талқыланбауы және кітап түрінде басылмауы – әлемдік ақыл-ой қазынасынан жырақта қалып бара жатқанымызды білдіреді.
Қазіргі таңда қоғамда дінге деген сұраныс, қажеттілік бар, оған сәйкес сұрақ та, қайшылық тудыратын ақпарат та көп. Сол себепті де Асылтай адамдардың ислам жайлы түсінігін прогрессив арнаға бұру маңызды деп санайды: «Дінге келгенде адам сауатты, сыни тұрғыда ойлайтын, мәселені ашық талқылай алатын деңгейде болуы қажет».

Возможна ли модернизация ислама в наше время? Религиовед Асылтай Тасболат нашел ответ на этот вопрос в работах современных исламских мыслителей.
«Сейчас мы живем в 21 веке, а Коран был ниспослан в 7 веке. Многие столетия сознание человека менялось, и образ жизни тоже», — рассказал религиовед. И именно исламский модернизм преследует цель изучить универсальный смысл аятов, их правильное понимание и использование в современном мире.
По словам, Асылтая, в то время как процесс урбанизации страны ускоряется, тот факт, что этот тренд не изучается, не преподается как предмет, не обсуждается в медиа и не публикуются книги на на эту тему — это все приводит к тому, что мы отстаем от важных мировых процессов в исследовании ислама.
Сейчас в обществе есть запрос на изучение религии, соответственно появляется много вопросов и противоречивой информации. Поэтому Асылтай считает важным, что люди должны мыслить прогрессивно в отношении ислама: «Если это касается религии, человек должен быть грамотным, обладать критическим мышлением и быть открытым к обсуждениям».