Орталық Азиялық әріптестік - заман талабы

KZ
Өміріңізде «жаһандық дағдарыс» туралы қаншалықты жиі естігеніңіз туралы ойланып көріңізші? Ал «жаһандық геосаяси кризис» деген не? Конференция спикері, халықаралық қатынастар саласының зерттеушісі Жәнібек Арынов осы сұрақтарға жауап беріп, әлемде қандай геосаяси өзгерістер орын алып жатқаны және оның салдарынан туындайтын қиындықтарға қалай төтеп беруге болатыны туралы ой тарқатты.
Жәнібек Арыновтың пікірінше, алдағы уақытта бәрімізді қиындық пен тосқауылға толы марафон күтіп тұр. Бұл ұзақ мерзімді марафонға дайын болуымыз қажет екенін атап өткен спикер сыртқы геосаяси және экономикалық қысымдарға төтеп берудің жалғыз жолы барын айтады:
– Ол – Орталық Азия елдері арасындағы әріптестікті нығайтып, біріңғай Орталық Азиялық иденттілікті қалыптастыру. Тек біріккен түрде ғана көптеген мәселелерді шешуге болады.
Бұл аймақтық үкіметтерден де, ең бастысы, қоғам мүшесі ретінде біздерден де үлкен жұмысты талап етпек.

----------------------------------------------------------------
Как часто в своей жизни вы слышали, что происходит «глобальный кризис»? И что такое «мировой геополитический кризис»? На это ответил исследователь в области международных отношений Жанибек Арынов. Спикер поделился своими мыслями о том, какие геополитические изменения происходят в мире, каковы будут их последствия и как справляться с возникающими трудностями.
По словам Жанибека, впереди всех нас ждет марафон, полный трудностей и препятствий. И мы должны быть готовы его пробежать. По его словам, у нас есть только один способ противостоять внешнему геополитическому и экономическому давлению – это укрепление сотрудничества между странами Центральной Азии и формирование единой центральноазиатской идентичности. «Многие проблемы можно решить только вместе. Это потребует большой работы от региональных правительств и, самое главное, от нас как от общества».