Саясаттағы көз алдау метрикаларынан қалай құтылуға болады?

KZ
Саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт негізгі мамандығынан бөлек медиа және стратегиялық коммуникация бойынша консультациялар жүргізеді. Коммуникация мен маркетингте жетістікті өлшеуде қолданылатын vanity metrics (көз алдау немесе өз-өзін алдау көрсеткіштері) жайлы айта келе, Шалқар Қазақстан билігінің «жамандығын жасырып, жақсылығын асыра» көрсететін компанияларға ұқсастығына тоқталды.
Оның айтуынша, Қазақстан қазіргі саяси жолмен жүре беретін болса, «табыс театрына» әуестенемін деп ақыры бонкрот болған компаниялардың күйін кешуі мүмкін.
— Қазіргі саяси режимнің ел басқаруда көз алдау метрикаларына арқа сүйеуі бейуақыттағы Қазақстанды ұзаққа созылатын өлара кезеңде қалдыра ма деп қорқамын, — дейді саясаттанушы.
Шалқар Қазақстан азаматтары қоғам өміріне белсене араласқан кезде саясатта көз алдау метрикалары тиімсіз манипуляция құралына айналарына сенімді. «Ал билікке мұндай көрсеткіштерден бас тартуға ерік-жігер керек», — деп есептейді спикер.

Помимо своей основной специальности, политолог Шалқар Нұрсейіт проводит консультации по медиа и стратегическим коммуникациям. Говоря o vanity metrics (метрика самообмана, «тщеславия»), используемых для измерения успеха в коммуникациях и маркетинге, Шалқар отмечает сходство власти Казахстана с компаниями, которые «скрывают плохое и преувеличивают хорошее».
По его словам, если Казахстан продолжит идти по нынешнему политическому пути, он может оказаться в состоянии компаний, обанкротившихся из-за чрезмерного интереса к «театру успеха».
«Боюсь, то, что нынешний политический режим полагается на обманчивые показатели в управлении страной, оставит Казахстан надолго в темном промежутке времени», — говорит политолог.
Шалқар уверен, что при активном участии казахстанцев в общественной жизни обманчивые метрики в политике станут неэффективным инструментом манипуляции. «И власти нужна воля, чтобы отказаться от таких показателей», — считает спикер.