Кендебай Қарабдалов жас кезінен Отырар қаласынан қалған қыш құмырылардың сынықтарын көріп өскен. Көркемсурет оқуын үздік бағамен тәмәмдағанымен, қатарластары тәрізді мектепте мұғалім болып жұмыс істемеді. Көнеден қалған ұсталық өнерді қайта жаңғыртуды қалады. Кендебай Отырар заманындағы пештерді өз ұстаханасында қайта жасап шықты. Сөйтіп сол пеште құмыралар, музыкалық аспаптарды жасады. Ол Қазақстандағы алғашқы жеке этнографиялық мұражайды ашты. Осылайша бала күнгі үлкен арманын жүзеге асырды.
