Саадет Түркөз – Стамбұлда дүниеге келіп, Цюрихте өнер адамы ретінде қалыптасқан қазақ музыканты. Жастайынан Орта Азияның жыр-дастандары, аңыз-әңгімелерімен сусындаған ол өзінің суырып салма шығармаларында жадында сақталып қалған этнографиялық бояуларды қайта «сөйлетеді». Ол өзінің ерекше дауысы арқылы ескілікті, қазақ даласындағы тұрмыс-салтты «суреттейді».
