Қош келдіңіз, құрметті пікірлес!
Биылғы TEDxAstana конференциясының тақырыбын Ğajaiyp деп алдық. «Ғажап» деген мағынаны беретін бұл сөзде «айып» та бар. Айып — адамның ерікті түрде арқалаған жүгі, мүлтіксіз емесін еске салып тұратын міні.

Ğajaiyp – мәжбүрлі сөз ойыны. Бұл сөз ойыны бәрімізге тән осалдықтарға қатысты күрделі күй мен сезімдер символы іспеттес. Сондықтан осалдықты біз биылғы TEDxAstana алаңындағы ой талқыға арқау болар феномен ретінде таңдап алдық.
2024 жылы біз осал тұсы көп әлемде өз осалдығын қабылдауға талпынатын адамдар туралы сөз қозғасақ дейміз. Кейінгі бес жыл әрқайсымыздың жанды жерімізді ашты, тіпті ел болып, әлем болып көп нәрсенің алдында қауқарсыз екенімізді көрсетті. Кейбір осал тұсымызды әлі де «түзетуге» үміттіміз. Сол арқылы біз өмір сүруге, армандауға және айналаны тануға шабыт беретін әлем құрғымыз келеді.

Өзіңнің осал тұсыңды, әлсіздігіңді қабылдау өте қиын. Бірақ кемелдік тек солай келеді.

Біз нағыз «ғажайып» қай-қайсымыздың болсын өн бойымыздан табылатын мін мен кемшіліктен, ерекшеліктен тұрады деп сенеміз. TEDxAstana командасының фокусында әдеттегідей сан түрлі сала мен тақырып. Сонымен қатар сұрақ та бар: Біздің осал тұстарымыз қайсы және олармен әрмен қарай қалай күн кешеміз?

Сіздерді де бірге ізденуге шақырамыз.

Махаббатпен,
TEDxAstana командасы
Идеялық серіктесіміздің тілек-лебізі
Құрметті қатысушылар!
TEDxAstana 2024 конференциясына қош келдіңіздер!

Алтыншы жыл қатарынан «Қазақтелеком» АҚ әлемнің түкпір-түкпіріндегі пікірлес адамдарды біріктіретін жаһандық жобаға қолдау көрсетіп келеді. Біз осы идеялық серіктестіктің жалғасып келе жатқанын мақтан тұтамыз.

Биылғы конференция тақырыбы — Ğaj[aiyp] — бір қарағанда қарапайым сөз бен символдардың бірігуі болып көрінгенмен, терең мағынаға ие атау. Әріптердің бөлек алынуы «ғажап» деген түсінікте «айып» та бар екенін көрсетеді. «Айып» — өзіңнің осал тұстарыңды байқағанда туындайтын сезім. Осал тұсты негізгі феномен ретінде зерттеу бізге де жақын, өйткені әлсіз тұстарымызды мойындау — даму мен инновацияға бастайтын жол.
«Қазақтелеком» АҚ-ның TV+ жобасы осы идеяны айқындап, әрбір пайдаланушының бірегей қажеттіктеріне бейімделген, үнемі жаңарып отыратын интерактивті теледидарды ұсынады. Технологиялар әлемінде ашық болып, жаңа сынақтардан қорықпай, осалдықты өсіп-өркендеудің мүмкіндігі ретінде қабылдаудың маңызын түсінеміз.

«Қазақтелеком» АҚ озық идеялар мен технологияларды дамытып, енгізуді көздейді. Болашақ жобаларымызға шабыт сыйлар идеяларды TEDxAstana 2024 конференциясынан да аларымыз анық.
Пікірлес команданың бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз! Ғажайып инновацияларды бірге жасайық!

Құрметпен,
«Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы
Бағдат Мусин
Идеялық серіктес
Бағдарлама
21 қыркүйек
9:30 - 10:30
9:30 - 10:30
уоркшоптарға тіркелу
10:30-13:00
10:30-13:00
уоркшоптар мен экскурсиялар
13:00-14:00
13:00-14:00
тіркеу және кофе
14:00-15:20
14:00-15:20
бірінші сесси
15:20-16:00
15:20-16:00
үзіліс
16:00-17:15
16:00-17:15
екінші сессия
17:15-17:45
17:15-17:45
үзіліс
17:45-18:30
17:45-18:30
TEDxAstana Special
Уақыт кестесінде кішігірім өзгерістер болуы мүмкін.
22 қыркүйек
9:30 - 10:30
9:30 - 10:30
уоркшоптарға тіркелу
10:30-13:00
10:30-13:00
уоркшоптар мен экскурсиялар
13:00-14:00
13:00-14:00
тіркеу және кофе
14:00-15:20
14:00-15:20
бірінші сесси
15:20-16:00
15:20-16:00
үзіліс
16:00-17:15
16:00-17:15
екінші сессия және TEDxAstana Special
Уақыт кестесінде кішігірім өзгерістер болуы мүмкін.
Әр сессия алдында залдың есігі жабылып, үзілісте ғана ашылады.

Егер сессияға кешіксеңіз, волонтерлердің нұсқауы бойынша спикерлер арасындағы үзіліс кезінде ғана залға кіре аласыз. Бұл түсірілім процесіне кедергі келтірмеу үшін жасалатын шара. Оған дейін «Қазақтелеком» АҚ ұсынған TV+ аймағына жайғасып, конференцияның онлайн трансляциясын тамашалай аласыз.
Үзілістер кезінде
Тамақтану
Биыл TEDxAstana-да ерекше кейтеринг жұмыс жасайды. Қатысушыларды менталды ерекшеліктері бар адамдар жұмыс істейтін Kunde инклюзивті кафесі тамақтандырады. Бұл олардың бастамасын қолдап қана қоймай, дәмді және шын жүректен жасалған тағамнан дәм татудың тамаша мүмкіндігі деп ойлаймыз.

Әдеттегідей, конференция аумағында су диспенсерлері орнатылады. Ал қатысушыларға дайындаған сөмке ішінен ыңғайлы, экологиялық таза саптыаяқты таба аласыз.

«Маша жазған хаттар» көрмесі
Efes Kazakhstan қолдауымен ұйымдастырылатын «Маша жазған хаттар» көрмесінде «Действие буквально» инклюзивті театрының туындылары ұсынылады. Көрме көрерменге актриса Мария Дубоделованың ішкі әлемін таныстырып, көркем артефактіге айналған хаттар арқылы оның жан толғанысын көрсетеді. Арт-куратор Оля Веселова әр күнгі үзілістердің бірінде көрме бойынша экскурсия жасайды – нақты уақытын жүргізушілер хабарлайды.

«Қазақтелеком» АҚ-ның TV+ аймағы
Үзіліс кезінде конференцияның идеологиялық серіктесі – «Қазақтелеком» АҚ мен TV+ бренді аймағында демалып, басқа қатысушылармен әңгіме-дүкен құра аласыз. Сессиялар кезінде бұл жерде тікелей трансляция жүргізіледі.

Altel ұсынған Жасанды интеллект стенді
Біздің ресми серіктесіміз Altel брендінің аймағында сіз ЖИ өңдеген ерекше фотосурет жасай аласыз. Бұл конференция жайлы жарқын естеліктер қалдырудың тамаша тәсілі деп ойлаймыз! Сонымен қатар біздің әлеуметтік желіде жариялаған байқауда жүлде ұтып жатсаңыз, сыйлығыңызды Altel үстелшесіне келіп ала аласыз.

Eurasian Machinery компаниясы ұсынған «Қуаттау станциясы»
Мұнда сіз телефоныңызды қуаттап, конференцияның ресми серіктесі ұсынған «қуат беретін станцияда» жеңіл тамақтан дәм тата аласыз. Сонымен қатар үлкен форматты пазлдарды да жинап көріңіз: бұл процесс ойды сергітіп, зейінді арттырады. Нәтижесінде жаңа ақпаратты жақсы қабылдап, ұзақ есте сақтайсыз.

Подкаст бұрышы
Серіктесіміз Teach for Qazaqstan аймағында сіз білім саласына қатысты осал тұстар талқыланатын «Бейтаныс адаммен» подкастына қатыса аласыз. Сонымен қатар бұл бұрышта фотоүйшік орнатылып, ұйымның мерчі ұсыналады.

East Publishing баспасының кітаптары
Біздің тағы бір серіктесіміз – East Publishing баспасының аймағында қазақ тіліне аударылған әлемдік бестселлерлермен таныса аласыз.

Конференцияның Telegram арнасы
Сіздерді конференция жайлы барлық маңызды ақпараттан құлағдар ететін Telegram арнамыз бар. Мұнда біз конференция аумағында өтетін қызықты іс-шаралар жайлы хабарлап отырамыз. Арнаға мына сілтеме арқылы қосыла аласыз: https://t.me/+Wh4ld8wJ7sViODky
Алуа Искакова
Дәрігер, клиникалық фармаколог
Дәрігер бүкіл әлем бойынша қорқынышты деңгейге жеткен антибиотиктерге төзімділік мәселесіне тоқталады. Қазіргі таңда кең таралған жұқпалы ауруларды тиімді емдеуге мүмкіндік бермейтін жаңа орнықты механизмдер пайда болып, таралып жатыр. Бұл мәселе әсіресе антибиотиктерді рецептсіз сатып алуға болатын Қазақстан сияқты елдерде өзекті болып отыр.
Алуа клиникалық фармакология бойынша резидентураны аяқтаған, medsupport.kz бастамасында ерікті болған.

Мария Дубоделова
«Действие буквально» инклюзивті театр зертханасының актрисасы
«Мен сурет салғанды, ән айтқанды, хат жазғанды ​​ұнатамын. Театрда жұмыс істеген ұнайды. Саяхаттағанды ​​жақсы көремін», — дейді Мария өзі туралы.
TEDxAstana-да ол театр, өнердің рөлі және армандары туралы ой бөліседі.

Гауһар Арыстан
Балабақша сапасын бағалау эксперті
Халықаралық ECERS шкаласы бойынша ең жоғары баға алған балабақшаның негізін қалаған. Гауһар мектепке дейінгі мекемелерге білім беру қызметінің сапасын жақсарту бойынша кеңес беріп, оқытады, сонымен қатар ресми бағалау жүргізеді.
Конференцияда Гауһар білім сапасын арттыру үшін қазақстандық балабақшаларға қандай өзгерістер енгізу керегіне тоқталады.

Евгений Ян
Медициналық психолог, ғылыми мақалалар авторы, Қазақстандағы когнитивті мінез-құлық терапиясы қауымдастығының президенті.
–Психология мамандығы бойынша магистратура мен аспирантураны тәмамдаған, қазір PhD қорғауға дайындалып жатыр. Мамандығы бойынша Ұлыбритания мен АҚШ-та қосымша білім алған. Кәсіби қызметі аясында психиатриялық клиникада, наркологияда жұмыс істеп, жеке психологиялық және білім беру орталықтарын басқарған. 26 жасында әлемдегі ең жас супервайзер атанды.
TEDxAstana конференциясында Евгений кейбір кең таралған мифтерді жоққа шығара отырып, тәуелділіктің пайда болуы мен оны емдеу әдістері жайлы айтады.
Дина Кучербаева
әлеуметтік лингвист
Гонконг білім университетінде әлеуметтік лингвистика бойынша PhD дәрежесін, ал Эдинбург университетінде қолданбалы лингвистика магистрі дәрежесін алған.
Дина конференцияда «өшпенділік тілі» жайлы сөйлейді: виртуалды ортада өшпенділік құрып, оны белгілі бір топтарды немесе қауымдастықтарды маргинализациялау және демонизациялау мақсатында пайдаланатын топтардың дискурсивті стратегиялары туралы айтады.

Аружан Меде
Кәсіпкер, IMPRO компаниясының негізін қалаушы және басшысы
Биыл Аружан әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Қазақстандағы алғашқы security-tech қосымшасын ойлап тапты. AMAN деп аталатын бұл қосымша зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге жедел көмек көрсетуді көздейді. Аружан конференция көрермендеріне технология арқылы өзекті мәселені қалай шешуге болатынын баяндайды.
Аружанның бизнесті дамыту саласында 5 жылдан астам тәжірибесі бар. Жоба жетекшісі ретінде ол The Walt Disney, Aston Martin Limited, Netflix, Mastercard Europe SA, Astra Zeneca, Mercedes-Benz сияқты серіктестермен жұмыс істеген.
Құралай Қазбекова
Оқушы, жасөспірімдерге арналған Urbanitarium жобасының қатысушысы
Құралайға туған қаласын зерттеген ұнайды. TEDxАстана конференциясында ол қала келбетінің баланың ой-өрісіне, көзқарасына қалай ықпал ететінін баяндайды. Сонымен қатар Urbanitarium жобасы аясында Кіші Талдыкөлде жүргізген зерттеуіне тоқталады.
Түрлі жоба мен олимпиада жеңімпазы Құралайдың қазіргі басты мақсаты — өзі қалаған оқу орнына түсу.

Әйгерім Кәрібай
Cу жағдайы мен мәселелері маманы. Салааралық байланыстарды кеңейту, су ресурстарын басқару және пайдалану бағытында жұмыс істейді.
Конференцияда Әйгерім Қазақстандағы су жағдайы мен мәселелері жайлы сөз қозғап, суды тиімді пайдаланудағы әр адамның жауапкершілігі жайлы ой бөліседі.
Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде Су ресурстары және суды пайдалану бойынша білім алған. Қазақ-Неміс университетінің Су ресурстарын басқару бағдарламасының түлегі.

Әлімжан Ахметов
қазақстандық «Халықаралық қауіпсіздік пен саясат орталығы» үкіметтік емес ұйымының негізін қалаушы және директоры
2017 жылдан бері ол қарусыздану мәселелерімен айналысады. Ол басқаратын ұйым өлтіруші роботтарға тыйым салу жөніндегі халықаралық бастамаға мүше.
Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде және ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында жұмыс істеген. Экономика және халықаралық қатынастар саласында жоғары білімге ие.
Әлімжан өз сөзінде жасанды интеллектімен жұмыс істейтін автономды қаруға халықаралық деңгейде күн ілгері тыйым салу қажеттігі жайлы айтады.
Айгерім Жақыпбек
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың PhD кандидаты, әлеуметтік жұмыс саласындағы зерттеуші
TEDxAstana-да Айгерім Шымкент қаласының мысалында қарттық кезеңнің бүгінгі негізгі мәселелері мен ертеңгі күйіне тоқталады. Сонымен қатар қарттарға жалғыздық сезімі мен әлеуметтік эксклюзияны еңсеруге көмектесетін технологиялар жайлы сөз қозғайды.

Айгерім Мирас университеті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан универтитетінде аға оқытушы болып қызмет еткен. Қазіргі мақсаты — докторлық диссертациясын қорғап, Қазақстанда қарттарға арналған ресурстық орталықтардың моделін жасау.
Бахыткүл Тоқбергенова
DKU оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі, докторант, зерттеуші. Орталық Азиядағы қалалық активизмді зерттейді
«Халық өзінің ұстанымын белсенділік арқылы көрсете алады. Бұл идеяны Орталық Азиядағы қалалық активизм дәлелдейді» дейді зерттеуші. Мұндай қорытындыға ол кейінгі жылдары жүргізген зерттеу барысында келген.
TEDxAstana сахнасында Бахыткүл Қазақстандағы қалалық активизмнің қалыптасуы жайлы ойын зерттеуін ортаға салады.
Адия Қызылтаева мен Айым Айдарғалиева
Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары, Autism Spectrum жобасының негізін қалаушылар. Адия идея авторы және команда жетекшісі болса, Айым product developer ​​және бағдарламашы қызметін атқарады
TEDxAstana конференциясында олар өздері жасаған Autism Spectrum қосымшасы туралы айтады. Балалар мен ата-аналарға арналып әзірленген бұл қосымша аутизм спектрінің бұзылуымен байланысты бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған. Команда Қазақстандағы және шетелдегі осыған ұқсас қосымшаларды зерттей келе, олардың ешқайсы жүйеленген ақпарат ұсынбайтынына көз жеткізген. Сондықтан қыздар дайындаған қосымшаны бірегей жоба деп атауға болады.
Autism Spectrum қосымшасы Technovation Girls 2024 байқауының жартылай финалына шығып, CapitalHealth саламатты болашаққа арналған бірінші ұлттық форумында «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясын жеңіп алған. Қосымша Qazpatent зияткерлік меншік институтының авторлық құқық куәлігіне ие.

TEDxAstana special
Музыкалық перфоманс
Ғалымжан Молданазар – әнші, музыкант, Moldanazar тобының солисті және Moldanazar Music лейблінің негізін қалаушы. Қазақстандағы қазақ тілді инди жанрды қалыптастырушылардың бірі. «Қош бол», «Алыстама», «Махаббатым» сияқты танымал әндердің авторы. Ол жазған сапалы музыка миллиондаған жанкүйердің жүрегінен ерекше орын алған.
«Музыкальная премия» нұсқасы бойынша «Үздік орындаушы», GQ Kazakhstan журналының «Музыка» санаты бойынша «Жыл адамы» танылған. Әншінің Kogershin клипі Cannes World Film фестивалінің бас жүлдесін иеленген.
TEDxAstana special
Деректі фильмнің тұсаукесері
Авторлар:
Оксана Акулова мен Галия Идоятова
TEDxAstana-да тұсауы кесілетін Оксана Акулова мен Галия Идоятованың фильмі өліммен бетпе-бет келген жандардың оқиғасын баяндайды. Жоба еш адам қашып құтыла алмайтын жұмбақ сәт пен одан туындайтын қорқыныш жайлы рефлексия жасауға шақырады. Авторлар бізді не осал ететінін түсінуге тырысқан: өлім туралы ой ма, әлде азап шегіп өлу ме?
Оксана Акулова – журналист. Көбіне әлеуметтік, әсіресе медицина тақырыптарын көтереді. Қызықты адамдарды тауып, олардың өмірі жайлы баяндағанды ұнатады.
Бірінші рет 2022 жылы TEDxAstana конференциясында көрсетілген Қазақстандағы трансплантацияға қатысты «Лист ожидания» жобасы мен деректі фильмінің авторы. Сонымен қатар Оксана «Вопрос жизни и смерти» жобасын жасап, ауыр диагноздар мен паллиативтік көмек туралы фильм түсірген. Қазір ол онкология бойынша тең кеңес беру мектебі жайлы айтып, ондай бастама Қазақстанда да пайда болады деп үміттенеді.
Галия Идоятова – журналист, «Точка» креатив шешімдер агенттігінің» бас директоры және арманшыл жан. Фильмнің видео нұсқасын жасау идеясының авторы, фильм продюсері және монтаж редакторы. Галия өз қаражатына YouTube-тегі Nukte және Ne boldy арналарын дамытуда. Екі платформаның да басты бағыты – халықтың өмірін, процестер мен тарихты зерттеу. Галия продюсерлік еткен «Ерте жүктілік» деректі фильмі New Reporter және Internews Kazakhstan агенттігінің 2023 жылғы нұсқасы бойынша «Үздік ағартушылық фильм» атанған.

Камила Смағұлова
зерттеуші, Paperlab орталығының ғылыми қызметкері
Оның ғылыми ізденістері ұлтшылдық, жад және отарсыздану тақырыптарын қамтиды.
Сонымен қатар Камиланың зерттеулері қазақ әйелдердің тарихи бейнесін жаңаша түсінуге бағытталған. Дәл осы тақырыпты зерттеуші TEDxAstana алаңында кеңінен баяндайды
Әсел Битабар
Оқытушы және зерттеуші
Оның зерттеу саласы Орталық Азия елдеріндегі халықаралық саясат пен ұлт құру мәселелеріне байланысты. Қазіргі жобаларының бірі Қазақстан мен оның Орталық Азиядағы көршілерінің трансшекаралық ынтымақтастығына арналған.
Әсел Еуразия ұлттық университеті мен Хоккайдо университетінде білім алған. Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Әсел Мұсабекова
Биолог, иммундау бойынша кеңесші, көп балалы ана. Страсбург университетінде молекулалық биология және вирусология бойынша Ph.D дәрежесін алған
Медиа жобалар мен блогы арқылы Әсел ғылыми коммуникацияны белсенді түрде насихаттап, иммундау және жұқпалы ауруларға қатысты ғылыми негізделген өзгерістер туралы айтады.
UNICEF Қазақстан ұйымында иммундау бойынша кеңесші болып жұмыс істеген. Елдегі egu.kz ресми екпе сайты авторларының бірі. Вакцинация туралы заңнамаға өзгерістер енгізуге мүмкіндік берген зерттеулерге қатысқан.
TEDxAstana-да Әсел ата-аналарға бала денсаулығы үшін ненің зиянды, ал ненің пайдалы екенін қалай анықтауға болатынын түсіндіреді. Сонымен қатар «денсаулық бағдаршамына» сүйеніп, дұрыс шешімді қабылдаудың жолдарына тоқталады.
Мария Мун
Маркетолог, «Ирина Кайратовна» тобының және Молданазар лейблінің коммерциялық продюсері, Notо agency компаниясының негізін қалаушысы және басшысы
Бұл агенттік E+ тиімділік рейтингінде жыл агенттігі деп танылып, 2024 жылы креативтігі жөнінен Орталық Азияның үздік ондығына енді. Марияның жобалары әлем бойынша көптеген беделді марапатқа ие.
Алдағы конференция спикерінің маркетинг саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар, оның ішінде Procter & Gamble, RG BRANDS,Альфа-банк сияқты компанияларда басшылық лауазымдарды атқарған.
Конференцияда Мария креативтік, коммерциялық және үкіметтік сияқты түрлі сектор өкілдерімен өнімді қарым-қатынас пен ынтымақтастық құрудың сырын ашады.

Мөлдір Қарубайқызы
Заманауи суретші, «Жеті апа» идеясының авторы
TEDxAstana сахнасында Мөлдір заманауи суретші ретіндегі ізденістері жайлы ой өрбітіп, өнер арқылы өзін және айналасын қалай тани түскені жайлы сөз қозғайды.
12 жылдан аса сурет өнерімен айналысып, сабақ берген Мөлдірдің алдағы уақытта зерттеушілікпен де айналыссам деген ойы бар.
Гүлназ Туленова
Зерттеуші, тарихшы, Terek Story жобасының жетекшісі
Гүлназ трансгенерациялық травмалар мен тарихи оқиғалардың адамдардың қазіргі өміріне қалай әсер ететінін зерттейді.
Конференцияда зерттеуші трансгенерациялық травмалар жайында сөз қозғап, әулет тарихын зерттеудің зерттеудің маңызына тоқталмақ.
Гүлназ Назарбаев университетінің Тарих және халықаралық қатынастар (BA), Қоғамдық денсаулық сақтау (MPH) бағдарламаларының түлегі. Қазіргі таңда Астанадағы Riviera International School мектебінде тарих пәнінен сабақ береді.
Дорогой единомышленник, добро пожаловать!
Темой конференции этого года мы выбрали Ğaj[aiyp], где в «волшебстве» (ғажайып) мы видим «вину» (айып) — вечную спутницу ощущения собственного несовершенства и уязвимости. И именно уязвимость выбрана в качестве основного феномена для исследования на этой конференции.

Ğaj[aiyp] – эта вынужденная игра слов. Игра в знаки и слова для нас – символ сложных ощущений вокруг наших уязвимостей. И именно уязвимость мы выбрали в качестве феномена, который хотим исследовать на предстоящей конференции TEDxAstana.
С перспективы 2024 года нам кажется своевременным поговорить о нас как о людях, пытающихся принять свою уязвимость в мире полном уязвимостей. Так уж вышло, что последние пять лет вскрывали одну за другой: в каждом из нас, в стране и мире. Часть из них мы все еще надеемся «починить» и заодно создать мир, в котором с ними можно жить, мечтать и созидать.

Принять свою уязвимость невероятно сложно. Но это очень освобождающий опыт.

Мы верим, что совершенство, к которому все так стремятся, состоит из наших особенностей, которые мы смогли вовремя принять. В фокусе команды TEDxAstana как и прежде самые разные темы и дисциплины. Мы ищем ответы на вопрос: какие уязвимости беспокоят нас больше всего, и как мы дальше планируем с ними жить?

Приглашаем и вас присоединиться к нашим поискам.

С любовью,
Команда TEDxAstana
Приветственное слово идейного партнера
Уважаемые участники!
Рад приветствовать каждого из вас на конференции TEDxAstana 2024!

Уже шестой год АО «Казахтелеком» поддерживает этот глобальный проект, объединяющий единомышленников со всего мира, и мы с гордостью продолжаем наше идейное партнёрство.

Тема нынешней конференции — Ğaj[aiyp] — на первый взгляд простая комбинация символов и слов, но она несёт глубокий смысл. Обособление букв в слове акцентирует в «волшебстве» (ғажайып) созидания «вину» (айып) — вечную спутницу ощущения собственного несовершенства и уязвимости. Исследование уязвимости как основного феномена особенно близко нам, ведь признание своих слабостей — это путь к развитию и инновациям.
Наш проект TV+ от АО «Казахтелеком» отражает эту идею, предлагая интерактивное телевидение, которое постоянно совершенствуется и адаптируется к уникальным потребностям каждого пользователя. Мы понимаем, что в мире технологий важно быть открытыми и не бояться новых вызовов, принимая уязвимость как стимул для роста.

АО «Казахтелеком» нацелен на дальнейшее развитие и внедрение передовых идей и технологий. Не исключаем, что вдохновение для будущих проектов будет почерпнуто именно на TEDxAstana 2024.
Мы рады быть частью команды единомышленников и вместе создавать волшебство инноваций!

С уважением,
Председатель Правления АО «Казахтелеком»
Багдат Мусин
Идейный партнер
Гид по конференции
21 сентября
9:30 - 10:30
9:30 - 10:30
регистрация на воркшопы
10:30-13:00
10:30-13:00
воркшопы и экскурсии
13:00-14:00
13:00-14:00
регистрация и приветственный кофе
14:00-15:20
14:00-15:20
первая сессия
15:20-16:00
15:20-16:00
перерыв
16:00-17:15
16:00-17:15
вторая сессия
17:15-17:45
17:15-17:45
перерыв
17:45-18:30
17:45-18:30
TEDxAstana Special
Возможны небольшие отклонения от тайминга.
22 сентября
9:30 - 10:30
9:30 - 10:30
регистрация на воркшопы
10:30-13:00
10:30-13:00
воркшопы и экскурсии
13:00-14:00
13:00-14:00
регистрация и приветственный кофе
14:00-15:20
14:00-15:20
первая сессия
15:20-16:00
15:20-16:00
перерыв
16:00-17:15
16:00-17:15
вторая сессия и TEDxAstana Special
Возможны небольшие отклонения от тайминга.
Входы в зал будут закрываться перед каждой сессией и открываться только на перерывы.

Если вы опоздали на сессию, наши волонтеры смогут впустить вас только в перерывах между выступлениями спикеров, чтобы не мешать процессу съёмки. В ожидании вы можете посмотреть онлайн-трансляцию конференции в зоне TV+ от АО «Казахтелеком».
Во время перерывов
Питание
В этом году на TEDxAstana необычный кейтеринг — кормить участников будет инклюзивное кафе Kunde, где работают люди с ментальными особенностями. Чудесная возможность для нас с вами поддержать их инициативу и насладиться вкусной и душевной едой.

И, как и всегда, на локации будут установлены диспенсеры с водой, а в сумках участников вы найдете удобные эко-кружки.

Выставка «Письма Маши»
Выставка «Письма Маши», организованная при поддержке компании Efes Kazakhstan, представляет работы инклюзивного театра «Действие буквально». Она погружает зрителей во внутренний мир актрисы Марии Дубоделовой, раскрывая её переживания через письма, которые приобрели форму художественных артефактов. Арт-кураторка Оля Веселова будет проводить экскурсию по выставке каждый день во время одного из перерывов конференции — ведущие сообщат вам точное время.

Зона TV+ от АО «Казахтелеком»
В зоне идейного партнера конференции — АО «Казахтелеком» и их бренда TV+ — вы сможете отдохнуть и пообщаться с другими участниками во время перерывов. Во время сессий здесь будет вестись прямая трансляция конференции.

ИИ-стенд Altel
В зоне нашего официального партнёра Altel вы сможете сделать необычные снимки с ИИ-обработкой — отличный способ оставить яркие воспоминания! А также не забудьте зайти на стойку Altel, если вы выиграли приз в нашем конкурсе ассоциаций в социальных сетях — тут будут вручаться призы победителям.

«Станция подзарядки» от Eurasian Machinery
Здесь вы сможете зарядить свои телефоны и перекусить на «топливной станции» со снеками от официального партнера конференции. Тут же можно попробовать собрать крупноформатные пазлы: такой процесс поможет расслабиться и улучшить концентрацию, чтобы лучше воспринимать и запоминать новую информацию.

Подкаст-уголок
В зоне партнера Teach for Qazaqstan вы сможете принять участие в подкасте «С незнакомцем», где будут обсуждаться уязвимости в образовании. Также на их корнере будет установлена фотобудка и представлен мерч организации.

Книги издательства East Publishing
В зоне еще одного нашего партнера — издательства East Publishing — вы сможете познакомиться с мировыми бестселлерами, переведенными на казахский язык.
Telegram-канал конференции

У нас есть Telegram-канал, в котором мы будем сообщать вам обо всех важных деталях конференции и предоставлять информацию об активностях на площадке. Присоединяйтесь по ссылке: https://t.me/+Wh4ld8wJ7sViODky
Алуа Искакова
Врач, клинический фармаколог
В своем выступлении коснется проблемы устойчивости к антибиотикам, которая достигает угрожающего уровня по всему миру. Новые механизмы устойчивости продолжают появляться и распространяться, что ставит под угрозу возможность эффективно лечить распространенные инфекционные заболевания. Особенно остро эта проблема стоит в тех странах, где антибиотики можно приобрести без рецепта, как, например, в Казахстане.
Алуа окончила резидентуру по клинической фармакологии, была волонтером инициативы medsupport.kz.
Мария Дубоделова
Актриса Лаборатории инклюзивного театра «Действие буквально»
«Люблю рисовать, петь, писать письма. Люблю работать в театре. Люблю путешествовать», — рассказывает о себе Мария.
В своем выступлении на TEDxAstana она поделится размышлениями о театре, о роли искусства в своей жизни и о своих мечтах.
Гаухар Арыстан
Сертифицированный эксперт по оценке качества дошкольного образования.
Основала детский сад, который получил высочайшую оценку по международной шкале ECERS. Гаухар консультирует и обучает дошкольные учреждения по вопросам повышения качества их образовательных услуг, а также проводит официальную оценку.
На конференции Гаухар расскажет о том, какие изменения необходимо внедрить в казахстанских детских садах для улучшения качества образования.
Евгений Ян
Медицинский психолог, автор научных публикаций, президент Ассоциации когнитивно-поведенческой терапии Казахстана.
Окончил магистратуру и аспирантуру по психологии, в настоящее время готовится к защите PhD. Дополнительно обучался по специальности в Великобритании и США. За свою профессиональную карьеру работал в психиатрической клинике, наркологии и руководил собственными психологическим и образовательным центрами. В возрасте 26 лет стал самым молодым в мире супервизором.
На TEDxAstana Евгений расскажет о природе возникновения зависимостей и методах их лечения, развенчивая при этом некоторые распространенные мифы.
Дина Кучербаева
Социолингвист
Имеет степень PhD в области социолингвистики, полученную в Гонконгском университете образования, а также степень магистра наук в области прикладной лингвистики Эдинбургского университета.
Выступление Дины будет посвящено “языку вражды”: она расскажет о дискурсивных стратегиях групп ненависти, которые создают враждебную виртуальную среду и используют ее для маргинализации и демонизации определённых групп или сообществ.
Аружан Меде
Предпринимательница, основательница и глава компании IMPRO.
Аружан разработала первое в Казахстане security-tech приложение для безопасности женщин AMAN. Его задача — обеспечить оказание немедленной помощи подвергшимся насилию женщинам. О том, как именно технологии могут это сделать, Аружан расскажет на TEDxAstana.
Более 5 лет работает в сфере бизнеса. В качестве руководителя проекта сотрудничала с такими компаниями как The Walt Disney, Aston Martin Limited, Netflix, Mastercard Europe SA, Astra Zeneca, Mercedes-Benz.
Куралай Казбекова
Школьница, участница проекта Urbanitarium для подростков.
Куралай увлекается исследованием своего родного города. На конференции TEDxAstana она расскажет о том, как городской облик влияет на мышление и восприятие мира детьми, уделив особое внимание исследованиям, проведенным на Малом Талдыколе в рамках проекта Urbanitarium.
Куралай — победительница различных олимпиад, ее цель на ближайшее будущее — поступить в выбранное учебное заведение.
Айгерим Карибай
Специалист по водным ресурсам, занимается развитием межотраслевых связей и управлением водными ресурсами.
На конференции TEDxAstana Айгерим расскажет о текущей ситуации и проблемах, связанных с водными ресурсами в Казахстане, а также поделится своими мыслями об ответственности каждого за их рациональное использование.
Изучала водные ресурсы и водопользование в Казахском национальном аграрном университете. Выпускница программы Казахстанско-Немецкого университета по управлению водными ресурсами.
Алимжан Ахметов
Основатель и директор казахстанской неправительственной организации «Центр международной безопасности и политики».
С 2017 года он занимается продвижением вопросов разоружения, а его организация является членом международной Кампании по запрету роботов-убийц.
Ранее работал в Министерстве иностранных дел Казахстана, Посольстве Казахстана в России и Центре внешней политики Администрации Президента РК. Имеет высшее образование в сфере экономики и международных отношений.
В своем выступлении Алимжан расскажет о необходимости превентивного запрета автономного оружия с искусственным интеллектом на международном уровне.

Айгерим Жакыпбек
Докторант КазНУ им. аль-Фараби, исследовательница в сфере социальной работы.
На TEDxAstana Айгерим сфокусируется на основных проблемах пожилого возраста в настоящем и будущем на примере города Шымкент. Кроме того, она расскажет о технологиях, которые помогают пожилым людям преодолевать чувство одиночества и социальную изоляцию.
Работала старшим преподавателем в университете Мирас и Южно-Казахстанском университете имени М. Ауэзова. В ее ближайших планах — защитить докторскую диссертацию, а также создать модель ресурсных центров для пожилых людей в Казахстане.
Бахыткул Токбергенова
Преподаватель DKU, магистр социальных наук, докторант и исследовательница, специализирующаяся на изучении городского активизма в Центральной Азии.
«Люди могут выражать свою позицию через активные действия, и городской активизм в Центральной Азии является ярким подтверждением этой идеи», — отмечает Бахыткул, основываясь на результатах своих многолетних изысканий.

На сцене TEDxAstana Бахыткул представит исследование, посвященное формированию городского активизма в Казахстане.
Адия Қызылтаева и Айым Айдаргалиева
Ученицы 12 класса Назарбаев Интеллектуальной школы и основательницы проекта "Autism Spectrum". Адия выступает в роли автора идеи и лидера команды, а Айым — product developer и программист
На TEDxAstana они расскажут о своей разработке — приложении "Autism Spectrum", которое был разработано для детей и их родителей и нацелено на решение целого ряда проблем, связанных с расстройствами аутистического спектра. Проведя исследование аналогичных приложений в Казахстане и за рубежом, команда пришла к выводу, что ни одно из них не предлагает систематизированной информации, что делает их проект уникальным.
С "Autism Spectrum" команда вышла в полуфинал конкурса Technovation Girls 2024 и победила в номинации "Лучший социальный проект" на первом Национальном Форуме о Здоровом Будущем CapitalHealth. Приложение уже получило авторское свидетельство института интеллектуальной собственности Qazpatent.
TEDxAstana special
Музыкальный перфоманс
Галымжан Молданазар — певец, музыкант, солист группы Moldanazar и основатель лейбла Moldanazar Music. Один из создателей казахоязычного инди-жанра в Казахстане. Автор таких популярных песен, как “Kosh Bol”, “Alystama”, “Makhabbatym”. Его качественная музыка завоевала миллионы поклонников по всему миру.
Обладатель наград: «Лучший исполнитель» по версии «Музыкальная премия», «Человек года» в категории «Музыка» по версии журнала “GQ Kazakhstan”, главный приз фестиваля Cannes World Film за клип на песню “Kogershin”.
TEDxAstana special
Презентация документального фильма
Авторы:
Оксана Акулова и Галия Идоятова
Фильм, который на TEDxAstana представят его авторы Оксана Акулова и Галия Идоятова, рассказывает истории людей, которые так или иначе столкнулись со смертью. Проект задуман как рефлексия на страх перед самым неизбежным и загадочным событием в жизни каждого человека. Команда постаралась проанализировать, что делает нас более уязвимыми: сама мысль о смерти или страх уйти, испытывая боль?
Оксана Акулова — журналистка. В основном освещает социальные темы, особенно медицину. Любит находить интересных людей и рассказывать их истории.
Автор проекта и документального фильма о трансплантологии в Казахстане «Лист ожидания», который был впервые показан на TEDxAstana в 2022 году. Также Оксана — автор проекта «Вопрос жизни и смерти» и фильма о тяжелых диагнозах и паллиативной помощи. Сейчас продвигает школу равного консультирования в онкологии, и очень надеется, что скоро она появится и в Казахстане.
Галия Идоятова — журналистка, СЕО «Агентства креативных решений «Точка» и мечтательница. Автор идеи создания видеоверсии, продюсер и редактор монтажа фильма. Галия развивает ютуб-каналы Nukte и Ne boldy на собственные средства. Основной фокус обеих площадок — исследование жизни, процессов и истории как страны в целом, так и людей. Документальный фильм «Ранняя беременность», спродюсированный Галией, был назван «Лучшим просветительским фильмом» по версии организаций New Reporter и Internews Kazakhstan в 2023 году.

Камила Смагулова
Исследовательница и научная сотрудница центра Paperlab.
Её научные интересы охватывают вопросы национальной идентичности, коллективной памяти и деколонизации.
В своих исследованиях Камила также уделяет внимание новому осмыслению исторического образа казахской женщины, о чем она и расскажет на TEDxAstana.
Асель Битабар
Педагог и исследовательница, занимающаяся вопросами международной политики и национального строительства в странах Центральной Азии.
Один из её текущих проектов посвящён приграничному сотрудничеству Казахстана с соседними государствами.
Асель получила образование в Евразийском национальном университете и Университете Хоккайдо, а также проводила исследования в Казахстане, Кыргызстане и Таджикистане.
Асель Мусабекова
Биолог, консультант по иммунизации и многодетная мама. Защитила степень Ph.D в области молекулярной биологии и вирусологии в Университете Страсбурга.
Асель активно продвигает научную коммуникацию через медиапроекты и свой блог, а также адвокатирует научно обоснованные изменения в сфере иммунизации и инфекционных заболеваний.
Работала консультантом по иммунизации в UNICEF Казахстан, была соавтором первого в стране официального сайта о вакцинации egu.kz и участвовала в исследованиях, которые привели к изменениям в законодательстве в области вакцинации.
На TEDxAstana Асель расскажет, как родителям разобраться в том, что действительно вредно, а что полезно в вопросах здоровья детей, и как научиться принимать рациональные решения с помощью так называемого «светофора здоровья».

Мария Мун
Маркетолог, коммерческий продюсер группы «Ирина Кайратовна» и лейбла Молданазар, основательница и CEO Notо agency.
Созданное ею агентство было признано агентством года в рейтинге эффективности Е+ и вошло в топ-10 по креативности в Центральной Азии в 2024 году. Проекты Марии получили множество престижных наград по всему миру.
Имеет более 15 лет опыта работы в маркетинге, включая руководящие позиции в таких компаниях, как Procter & Gamble, RG BRANDS, Альфа-банк и других.
В своем выступлении Мария расскажет о том, как выстроить продуктивные взаимоотношения и сотрудничество между представителями разных секторов: креативного, коммерческого и государственного.
Молдир Карубайкызы
Художница, авторка идеи «Жеті апа».
Со сцены TEDxAstana Молдир расскажет о своих творческих поисках в современном искусстве и о том, как через него она познает себя и свое окружение.
Молдир преподает и создает живопись уже более 12 лет, а в дальнейшем планирует заняться и исследовательской работой.
Гульназ Туленова
Исследовательница, историк, руководитель проекта Terek Story.
Гульназ расскажет о том, как трансгенерационные травмы и исторические события влияют на жизнь людей сегодня и почему важно изучать историю своей семьи.

Выпускница программ «История и международные отношения» (BA) и «Общественное здравоохранение» (MPH) Назарбаев Университета. В настоящее время преподает историю в  Riviera International School в Астане.